Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бекетте төбелскен қыздардың бірі екіншісін пойыз астына итеріп жіберді (видео)

Румыния көшесінде 2 қыз жанжалдасып, оқиға біреуінің қаза табуымен аяқталды. Бұл туралы РЕН ТВ хабарлады.

Румыния көшесіндегі бейнекамера екі қыздың арасындағы дауды түсіріп алған. Қара киімдегі қыз жанжалдасып тұрып метро рельстерінің аумағына екіншісін итеріп жіберді. Ол пойыз жолына құлаған қыздың қолынан итеріп, заттарын тепкілеп, платформаға көтерілуіне жол бермеген.

Жәбір көрген қыз платформаға шыға алмай, жүйткіп келе жатқан пойыздың астына түсіп кетті. Қатты жарақат алған ол оқиға орнында мерт болды.

Қайғылы оқиғаға Бухарест қаласының тұрғыны кінәлі деп танылды. Оны құқық қорғау органдары ұстады. 36 жастағы айыпталушының айтуынша, ол бұл әрекетке кек алу мақсатында барған.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тағы оқыңыз:

СІМ:Кореяда заңсыз жүрген қазақстандықтар адам өлтіруге дейін барады

15 жасар жасөспірім қызық үшін 11 көлік ұрлап, жанармайы біткенде жол бойына тастап кеткен

Қытай түрмесінде жатқан Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға қайтарылуы мүмкін

Жаяу жүргінші жолағынан өтіп бара жатқан әйел мен 4 жасар қызды көлік қағып кетті

Талқылау