Жаяу жүргінші жолағынан өтіп бара жатқан әйел мен 4 жасар қызды көлік қағып кетті
Атырауда жаяу жүргінші жолағынан өтіп бара жатқан әйелді 4 жасар қызымен көлік қағып кетті. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.

«Қызын балабақшаға апара жатқан әйелді «Лада-Ларгус» көлігі қақты. 4 жасар қыз оқиға орнында қаза тапты. Қазіргі уақытта әйел ауруханада травматологиялық бөлімге жеткізілді. Көлік апатын жасаушы – Индер ауданының 31 жастағы тұрғыны», – дейді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Назымгуль Кайсагалиева.
Қазіргі уақытта көлік апатына байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Оқи отырыңыз:
Астанада түрме қызметкері өзіне қол салды
Бүйрек ауыстырған қыздың анасы: Жәмила ауырып жатқанда бейтаныс әжей келіп батасын беріп кеткен еді
Қазақстандық әйел ұлын 380 мың теңгелік "Жаңа Ұрпақ" лагерінде ұрып тастағанын айтты
Лагерьден кейін ұлының психологиясына айтарлықтай әсер еткен
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.