Метрода ер азамат басын қатерге тігіп жолаушыны құтқарып алды (видео)
Метрода ер азамат рельстерге құлап кеткен адамды құтқарып алған. Бұл оқиға поезд жетіп қалған кезде орын алыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Метрода поезд күтіп тұрған жолаушы байқамай поезд жолына құлап кетеді. Мұны байқаған 28 жастағы Чарльз Коллинз есімді ер азамат ойланбастан құлаған адамның артынан секіріп түсіп, поезд жете бергенде оны шығарып алады.
Оқиғаның басқа да куәгерлері не болып жатқанын түсінбей қалған, біреулер саспастан көмек қолын ұсынған. Мұның барлығы метродағы бақылау камераларына түсіп қалған.
Кейіннен рельстерге құлап кеткен ер азаматтың қабырғасын сындырып, біраз дене жарақаттарын алғаны белгілі болды. Ал оның құтқарушысы аяғын ауыртып алыпты.
Талқылау