Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Месси шомылдырған вундеркинд: Еуропа чемпионатында гол соққан ең жас футболшы Ламин Ямал туралы не белгілі

Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Ламин Ямал Германиядағы Еуропа чемпионатының жұлдызы атанып келеді. Оның жартылай финалдағы Францияға қарсы голы турнирдегі ең әдемі гол деп танылды. Екі рет рекорд орнатқан ең жас футболшы туралы түрлі ақпарат тарап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фотолар ашық дереккөзден

16 жастағы ең жас футболшы Ламин Ямал 13 шілдеде 17 жасқа толады.Ламин Ямал 51 матчта жеті гол соғып, көзге түсті. Бұған дейін футбол тарихында мұндай көрсеткішті польшалық Кацпер Козловский 2021 жылы 17 жасында Испанияға қарсы матчта көрсеткен. 

Ямалды бала кезінен жаттықтырған Иван Каррасконың айтуынша, жігіт тіпті елестетуге келмейтін керемет қабілетке ие.

“Кейде біз көрмеген ойындарды көрсетіп тұрса, онда оған не үйрете аламын? деген ой келеді”, – дейді жаттықтырушы.

Ямал Барселонаның Матаро маңында дүниеге келген. Ол өзінің туған қаласын өте жақсы көреді. Тіпті оның жеке 304 белгісі өзі өскен Рокафонда 304 аймағын білдіреді. Рокафонда 304 ауданы Каталония мен Испаниядағы ең мәселеге толы аймақтардың бірі болып саналады. Ламин мигранттар ортасында өскен. Оның анасы экваторлық Гвинеядан, әкесі марокколық.



Ямал әкесі мен немере ағасының ойынын бақылап, футболға ғашық болғанын айтады. Ол үйден гөрі саябақта футбол ойнауға көбірек уақыт бөлген.

"Мен саябақта үйге қарағанда көбірек уақыт өткіздім. Сыртқа тек футбол ойнау үшін шығатын едім", – деді ол.

Бала Ямал Барселона клубының "Ла Масия" академиясына барғанға дейін күндерін көшеде футбол ойнаумен өткізген. Ламин академияға қабылданған кезде оның әкесі Барселонада ойнамас бұрын ұлынан білімді болуды талап еткен. 

Ламин Ямалдың сәби кезін тіпті Лионель Месси көрген. Өткен аптада Ямалдың әкесі Instagram-да 20 жастағы Мессидің қолында нәресте Ламинмен бірге түскен суретін жариялап, оны "екі аңыздың бастамасы" деп жазған. Суретті 2007 жылы фотограф Джоан Монфорт ЮНИСЕФ күнтізбесі үшін Барселона стадионының киім ауыстыратын бөлмесінде түсірген. Ламин Ямал 1922 жылы Армандо Сагадан бері өткен ғасырдағы (15 жыл 290 күн) Барселонаның ең жас гол соққан ойыншысы атанды. 

Испанияда Ямалдың жетістігін оның жеке жетістігі ғана емес, сонымен бірге көптеген жылдар бойы назардан тыс қалған  қоғамдастық үшін болашаққа үміттің белгісі деп санайды.

Мессидің Ямал "Алтын допқа" үміткер бола алады деген пікірі оның футболдағы болашағына деген үлкен үмітін көрсетеді. Ал Ямалдың өзі кішіпейілдікпен "Месси секілді ешкім бол алмайды" деген ойда.

Қазір Барселонадағы Камп Ноу стадионында Ямалдың суреті бар "болашақ күттірмейді" деген баннер ілінген.

Талқылау