Месси “Интер Майами” клубынан кете ме?
Фото:Global look press
Футбол әлемінің жарқын жұлдызы, даңқты футболшы Лионель Месси мансабын “Интер Майамиде” жалғастыру мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы танымал италиялық инсайдер Фабрицио Романо өзінің әлеуметтік желісінде хабарлады.
Журналистің мәліметінше, қос тарап келісімшартты ұзарту бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. Қазір қаржылық және өзге де маңызды шарттар талқылануда.
"Келіссөздер оң қарқынмен жүріп жатыр. Екі тарап та ынталы. Месси клубта қалуға ниетті", – деп жазды Романо.
Аргентиналық шабуылшы 2023 жылы америкалық клуб қатарына қосылған. Алғашқы келісімшартқа сәйкес, Лионель Месси "Интер Майами" сапында 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін ойнауы тиіс. Еске сала кетейік, Месси кәсіби мансабын "Барселонада" бастап, 2021 жылы "Пари Сен-Жерменге" жалғастырған. Қазіргі таңда ол "Интер Майамиде" ойнайды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

