Меруерт Түсіпбаева Қазақстан халқы Ассамблеясының таратылуын талап етті
Меруерт Түсіпбаева Қазақстан халқы Ассамблеясының таратылуын талап етті. Әншінің айтуынша, ұйымның халыққа ешқандай пайдасы мен керегі жоқ, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әнші бұл туралы ойын Instagram парақшасында жазды.
"Мен – Түсіпбаева Меруерт Балғабайқызы, Қазақстан Республикасының азаматы ретінде мемлекет бюджетінен миллиардтар алып, бірақ мемлекеттің не ішкі, не сыртқы саясатына пайдасы жоқ "Қазақстан халқы Ассамблеясы" ұйымының таратылуын талап етемін!
Халықтың ешқандай мәселелеріне мойын бұрмайтын, елдің жоғын жоқтамайтын, бюджеттен қаржыланатын ассамблея керек емес! Қаңтар оқиғасында біреуінің дауысын естімедім. Келісесіз бе? Келіссеңіз, жазыңыз пікіріңізді", – деп жазба қалдырды Түсіпбаева.
Талқылау

Азық-түлік, газ, темекі қымбаттайды, әскерилер үйді жекешелендіріп ала алады: Қазақстанда 1 шілдеден бастап не өзгереді
1 шілдеден кейін жұмысқа кіретін күштік құрылымдарындағы қызметкерлерге үй мәселесі бойынша жаңа тәртіп енгізілмек

Шерзат ісі бойынша үкім, Израиль-Иран қақтығысы, Үндістандағы ұшақ апаты: Маусым айы несімен есте қалды
Сонымен қатар министрліктердің басшылары ауысқан