Басты жаңалықтар
Меруерт Түсіпбаева Қазақстан халқы Ассамблеясының таратылуын талап етті
Меруерт Түсіпбаева Қазақстан халқы Ассамблеясының таратылуын талап етті. Әншінің айтуынша, ұйымның халыққа ешқандай пайдасы мен керегі жоқ, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әнші бұл туралы ойын Instagram парақшасында жазды.
"Мен – Түсіпбаева Меруерт Балғабайқызы, Қазақстан Республикасының азаматы ретінде мемлекет бюджетінен миллиардтар алып, бірақ мемлекеттің не ішкі, не сыртқы саясатына пайдасы жоқ "Қазақстан халқы Ассамблеясы" ұйымының таратылуын талап етемін!
Халықтың ешқандай мәселелеріне мойын бұрмайтын, елдің жоғын жоқтамайтын, бюджеттен қаржыланатын ассамблея керек емес! Қаңтар оқиғасында біреуінің дауысын естімедім. Келісесіз бе? Келіссеңіз, жазыңыз пікіріңізді", – деп жазба қалдырды Түсіпбаева.
Талқылау

"Жеті жыл күттім": Алматылық жас жігіт 53 жастағы әйелдің жүрегін алғаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты
Рецепиент Данияр 10 жасына келгенде ауруы асқынып, оттегі баллонын қолдануға мәжбүр болған

"Үреймен көз іліп, қорқынышпен оянады": Ливан мен Сирияда бітімгер болған қазақ қызы жанкешті оқиғасын бөлісті
Ардақ әскери салада қызмет етемін деген қыз-келіншектерге өз армандарынан бас тартпай, бір орында тоқтап қалмау керек екенін айтады