Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Меруерт Түсіпбаева су тасқынынан зардап шеккен ақтөбелік қызға көмектеспек

Əнші Меруерт Түсіпбаева су тасқынынан зардап шеккен ақтөбеліктерге тегін концерт бермек. Бұл жайында əнші өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды.

20170419175456

“Дүйсенбі күні Ақтөбеге ұшпақшымын. Құдай қаласа Махаббатқа кітаптарды өз қолыммен табыстаймын. Ақтөбеде таныс жоқ. Сол үшін əкімшілік хабарласса мектеп спорт залын паналаған 600 адамға тегін концерт берер едім, – деп жазды ол. Оның атап өтуінше, ФБ-дағы жазбасын оқыған “Атамұра” корпорациясы əнші арқылы  Махаббаттың суға кеткен кітаптарын беріп жіберетіндіктерін айтқан.

Айта кетейік, əлеуметтік желіде Махаббат есімді ақтөбелік оқушы қыздың видеосы тараған болатын. Онда оқушы қыз өзінің бүкіл оқулығының суға кеткенін айтып жылаған еді.

Тағы да оқыңыз:

Мектеп оқушысы Сапарбаевтан «ағалап» көмек сұрады (видео)

Ақтөбеде алты баласы бар отбасы су тасқыны кезінде баспанасыз қалғандарды паналатып отыр

Дариға Назарбаева: Әкімдіктер Астанадан келген қонақтарға сыйлық беріп барын салады

Талқылау