Мектеп оқушысы Сапарбаевтан «ағалап» көмек сұрады (видео)

Ақтөбеде үйлері су астында қалған Махамбетовка мен Вохр аудандарының тұрғындары қаладағы №40 мектепте орналастырылған. Облыс әкімі мектептегі халықтың жағдайын білуге барған кезде алдынан жүрігіп шыққан бала «ағалап» көмек сұрады.

VID-20170418-WA0077.mp4_snapshot_00.24_2017.04.18_17.31.07

«Аға, аға қараңызшы… Су табиғаттың апаты. Бірақ, қашанғы саяжайға су келе береді?  Қашанға дейін біз осылай жүре береміз?», — деді мектеп жасындағы Мақсат Баймаханов.

Мақсат анасымен Қисық көлдің бойында тұратынын айтты. Үйін су басып, қаңғып жүргенін айтқан балаға облыс әкімі басу айтты, деп жазады aktobenews.kz.

«Дұрыс, дұрыс түсінемін, білемін. Қазір осы жұмыспен айналысып жатырмыз. Оны бірден шешуге болмайды. Саяжайдың мәселесі кеше болған жағдай емес.  30-40 жылдан бері қалыптасқан. Иіс, басқасы бар. Біз онымен айналысып жатырмыз», — деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Видео: Асқар Ақтілеу

Тағы да оқыңыз:

Павлодарда жоғалып кеткен 4 жасар бала үш күн бойы терең шұңқырда отырған

Әйел: Мешіт алдында қайыр сұрауға намыстанамын. Бірақ амалым жоқ

Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккен 10 жасар қыз билікке үндеу жолдады (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
26.05.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар