Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Меруерт Түсіпбаева: 12 жыл ішіндегі барлық әнім хит болды

Меруерт Түсіпбаева отандық бағдарламалардың бірінде өзінің қазақ еліне қалай танылғаны туралы айтып берді. Мұнымен қатар, әнші соңғы 12 жыл ішінде орындаған әндерінің барлығының хит болғанын тілге тиек етті.

17155502_1238246779622526_3147304811353582900_n

Фото: facebook.com/profile.php?id=100003116480162&fref=ts

Бұл туралы КТК арнасының “Басты рөлде” бағдарламасында айтылды.

«Мен 1995 жылы «Қимай сені барамын» атты бейнебаянмен қазақ еліне танылған болатынмын. Ол кезде бейнебаян деген жоқтың қасы еді. Аталған туындыны жұрт жылы қабылдады. Сол уақытан бері 12 жылдың ішінде мен орындаған әндерімнің барлығы хит болды десем қателеспеймін. Бұл артық айтқаным емес. Дәл қазіргі уақытта мен жаңа әндер жазғызып жатырмын. Әрине, барлық әндерім хит болады деп мақтанып айта алмаймын. Шығармашылығымда бәлкім тоқырау болып жатқан шығар. Құдайға шүкір, мен қазіргі уақытта киноға да түсіп жатырмын. Өнер саласында жинаған барлық тәжірибемді мен шәкірттеріме беруге тырысудамын. Қалған өміріме азық болатын хит әндерім де көп. Сол ескі әндерімді көп адам сұрайды. Ескі әндерімнің көп сұранысқа ие екенін мақтанышпен айта аламын», – дейді әнші.

Әншіні жұртқа танытқан «Қимай сені барамын» бейнебаяны асығыс түсірілген екен. Меруерт Түсіпбаева оған аз уақыт ішінде дайындалып үлгергенін айтып жатыр.

«Ол уақытта техниканың дамымаған заманы болатын. Данияр есімді азамат түсіретін болды. Мен ол кезде театрда жұмыс жасап жүрдім. Әлгі бала бір күні келіп «Мен ертеңге камераны алдым. Басқа күні камера болмайды» деді. Менде не көйлек, не туфли жоқ. «Ойбай, қалай? Мен дайын емеспін. Киімім де дайын емес» десем, «Болды, ертең камераны алсақ алдық. Басқа күнге сізге камера жоқ» деп қысқа қайырды. Танымал Айгүл әпкемнен көйлек сұрадым. Ол кісі менен аямай ең әдемі көйлегін берді. Туфлиді жүгіріп барып бір жерден алдым. Барахолкадан, басқа жерден бе? Нақты қайдан алғаным есімде жоқ», – дейді ол.

Мұнымен қатар, әнші өзінің қандай ана екенін айтып берді. Ерте тұруды ұнататын Түсіпбаева баласын бірінші өзі барып оятады екен.


Жіберіп алмаңыз:

Мәдина Сәдуақасова қоғамдық көлікке отырып көпшілікті таңғалдырды

Тоқтар: Қыздарға қараймын, бірақ Бейбіт тоқал алуға рұқсат бермейді

Тоқтар Серіков: Бейбіттің құрбыларымен қосылып саунада демалғанын қаламаймын

Әлия Әнуарбек болашақ аналарға спортпен шұғылдануға кеңес берді

Әншілер Қазақстанның Тәуелсіздік алған жылын білмей ұятқа қалды

Талқылау