Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мерейлі отбасы" байқауының аймақтық кезеңінің жеңімпаздары анықталды 

Бүгін Өскеменде "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауының облыстық кезеңінің лауреаттары марапатталды. Іс-шараға облысымыздың әр өңірінен келген отбасылар қатысты.

Биыл жыл сайынғы байқау оныншы рет өткізілді.

Он жылда бұл жоба барлық қазақстандықтарға ұрпақтан-ұрпаққа берілетін отбасылық құндылықтардың қаншалықты маңызды және қажет екендігін дәлелдеді. 

“Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің болашағы отбасында қалыптасатынын атап өтті. Егер отбасы бақытты болса, онда біздің еліміздің болашағы жарқын болады. Кез келген отбасының өз жетістіктері, дәстүрлері болады, олар отбасының әр мүшесін біріктіріп, ынтымақтастыққа бөлейді. Байқау осы отбасылардың таланттарын ашып, отбасы, адамгершілік, руханият институтын нығайтуға ықпал етеді,-деп атап өтті ШҚО Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның төрағасы, облыс әкімі аппаратының басшысы Ербол Нұрғалиев. 

Байқау жеңімпаздарының дипломдарын Өскемен қаласынан Изгуттиновтар, Риддерден Вобликовтар, Глубокое ауданынан Асановтар, Алтай ауданынан Бурковскийлер, Тарбағатай ауданынан Алимовтар, Зайсаннан Нұрғазиндер, Шемонаиха ауданынан Тілеуберді, Ұлан ауданынан Манай, Күршім ауданынан Аплатоновтар, Катонқарағай ауданынан Өскембаевтар отбасылары алды. 

Алтай ауданынан келген Макиленов отбасысы біздің өңірді республикалық жеңімпаздарды марапаттау рәсімінде таныстырады. Ернұр мен Әсем - полиция қызметкерлері. Жауапты әрі күрделі мамандықтарына қарамастан, олар үш баланы тәрбиелеп отыр. 

“Біз "Мерейлі отбасы" байқауының аудандық кезеңінде жеңімпаз атандық. Енді облысымызды республикалық байқауда құрметпен таныстырамыз. Барлығын келе жатқан мереке-Отбасы күнімен құттықтаймыз. Біздің еліміздегі барлық отбасылар келісім мен бейбітшілікте өмір сүрсін!” – деді Әсем Макиленова. 

Талқылау