Әлемде Путинді менен басқа ешкім тоқтата алмайды — Трамп
АҚШ президенті Дональд Трамп Outkick басылымына берген сұхбатында Ресей мен Украина арасындағы соғыстың одан әрі өршуін тежеу жұмыстары бақылауда екенін және екі ел арасындағы соғысты тоқтатуда өзінің қаншалықты маңызды тұлға екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Тasos Katopodis / Getty Images
Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен және Украина президенті Владимир Зеленскиймен арадағы "жақсы" қарым-қатынасы соғыс қимылдарын тоқтату жөніндегі келіссөздердің кепілі екенін атап өтті.
“Осыны (соғысты) тоқтата алсақ керемет болар еді. Айтарым, бұлай істеу ешкімнің қолынан келмес еді. Ешкім. Мүлде”, – деді Дональд Трамп.
Ол АҚШ-ты билігінде өзі отырғанда Путиннің еш жерге басып кіріп жаулап алмағанын айтты. Осылайша Путинді жақсы танитынын жеткізді.
“Мен президент болғанда Путин еш жерге басып кірмеген еді. Ол Қырымды да, Грузияны да Буш пен Обаманың кезінде тартып алды. Ол бәрін басып алмақ. Меніңше, әлемде Путинді тоқтата алатын менен басқа ешкім жоқ. Мен оны тоқтата аламын деп үміттенемін. Біз өте ұтымды пікірталас өткіздік және мен адамдардың қырылғанын қаламаймын. Олар аптасына 2500 кішкентай балаларынан айырылып жатыр. Олар орыстар мен украиндер”, – деді Трамп.
- Зеленский мен Трамптың телефон әңгімесі қанағаттандырарлық болды: Украина президенті нені тоқтатуға келісті
- "Бір шартпен ғана": Путин Украинадағы соғысты тоқтатуға дайын екенін мәлімдеді
Бұған дейін АҚШ президенті Путинмен екі жарым сағат телефон арқылы сөйлесіп, Ресейде басымдық барын айтқан еді.