Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Салтанат Нүкенованың ағасы Қазақстан Халық партиясының басшысынан көпшілік алдында кешірім сұрауды талап етті

Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді оған ешқандай қылмыстық іс қозғалмағанын айтып, Ертісбаевтың сөзін жоққа шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жоғарғы Сот/ Айтбек Амангелді

Бұған дейін Ертісбаев жалған ақпарат таратқаны үшін Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдінің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген еді. Енді осы мәлімдемесі үшін Айтбек Амангелді одан кешірім сұрауын талап етті.



“Ертісбаевтың өтірікші екені көпшілікке мәлім шығар. Оның YouTube-та жалған ақпарат таратқаны үшін менің үстімнен қылмыстық іс қозғалды деген мәлімдемесін көрген боларсыз. Сол үшін ішкі істер министрлігіне және бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің департаментіне хабарластым. Олардан Астана бойынша менің үстімнен тіркелген сотқа дейінгі материалдар, маған қатысты бар арыздар туралы ақпарат беруді сұрадым. Қандай да бір істер бар ма, бұл істер бойынша процессуалдық жағдай қандай, бәрін білдім. 10 маусымдағы мәліметтер бойынша маған қатысты ешқандай іс жоқ. Егер ондай болса, менен жауап алып, тергеуге шақырар еді ғой”, – деді Амангелді.

Ол осындай мәлімдеме жасаған Ертісбаевтың бұл ақпаратты көпшілік алдында жоққа шығаруын талап етті. Егер кешірім сұрамаса, жала жапқаны үшін арыз жазатынын және моральдық шығынды талап ететінін айтты. 

Еске салсақ, бұған дейін ішкі істер министрі Ержан Сәденов жалған ақпарат бойынша іс қозғалғанын, бірақ ол нақты Айтбек Амангелднің үстінен қозғалмағанын мәлімдеген еді.

Талқылау