Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Менің ең жек көретін дүнием": Мәжілісмен Дәулет Мұқаев әнші Sadraddin-нің концертін сынады

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев жас әнші Sadraddin-нің концертінің кеш басталғанына ашуланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жеке парақшалардан алынды

Өнер иесі Астана қаласында концерт өткізген болатын. 

“Біз Садраддиннің концертіне келдік. Екі баламды алып келдім. Бірақ концерт 19.00-де басталу керек еді. Сағат 19.40 болды, әлі басталған жоқ. Бұл адамның психологиясын бұзады. Менің ең жек көретін дүнием. Бір жерге бару үшін “Әзір басталмайды” деп біреудің уақытын ұрлап жүріп алады. Бұл дұрыс емес. Егер дәл уақытында басталса, халық та сол уақытта кешікпей келуге тырысады. Сағат 19.46-да басталды. 82 минутта аяқталды”, – деп жазды мәжілісмен. 



Айта кетейік, әнші елордалық көрерменге алғыс айтып, ыстық ықыласын білдірді. 

"Ыстық көңілдеріңізге рақмет, Астана! Елорда бізді келген сайын қуантады. Өте таза қала. Астана суық болса да, біз үшін жылы қала", – деді эстрада жұлдызы. 

Талқылау