Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Менің емім дұғамен дем салу": Ауырып қалған Дәурен Айдарқұлов тест те тапсырмайтынын, дәрі де ішпейтінін айтты

Әзілкеш, актер, бұрынғы КВН-ші Дәурен Айдарқұлов ауырып қалды. Бұл туралы екі күн бұрын желідегі оқырманына өзі хабарлады. Алайда ешқандай дәрі ішпейтінін жеткізді. 

Әзілкеш қандай аурумен ауырып жатқанын ашып айтпады. Бір анығы, ол медициналық көмекке емес, рухани күшке сенеді. 

"Не ауру екенін білмеймін. Екі күн бұрын басталды. Қандай жағдай болмасын, тест те тапсырмаймын. Дәрі де ішпеймін. Менің емім дұға жасау, жылы тамақ ішу, қара зере майы, тамақты тұзбен шаю", - деді актер парақшасында

Бұған дейін ауырып жатқанын көрсеткен ол жары Ақботаның өзінен қашып жүргенін жазған еді. 

Желі қолданушыларының басым көпшілігі алаңдаушылық білдіріп, саулығын тілеп жатыр. Енді бірі өзгелерге жұқтырмаудың жолын қарау керек деп жатты. 

"Сынама тапсырып көріңіз. Мүмкін аты жаман ауру шығар. Қазір ауырып жатқандар көп, жұғу деңгейі де көп", "Әйеліңізді, балаларыңызды ойлаңыз, оқшауланыңыз", "Жеке басты ғана емес, өзгені де ойлау керек", "Алладан шипа тіледім сізге", "Аллаһ Тағала шипасын берсін бауырым", - деді олар.


Құрбан айт кезінде оқылатын дұғалар

Талқылау