"Менің білімім жетпейді": Дастан Оразбеков әйелін ел алдында мақтады
Танымал әнші Дастан Оразбеков жеке өмірінен сыр шертіп, әйеліне қатысты сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/dastanello/
Өнер иесі “Сырласу” бағдарламасында қонақ болып, әйелін жер-көкке сыйғызбай мақтады.
“Әйелім – солтүстік өңірінің қызы. Өте мықты әйел заты деп айта аламын. Өзіне не керегін нақты білетіндіктен, қатты құрметтеймін. Онымен санасу керек. Талғамы бар адам. Беталды әр жерге шапқылап жүре беретін адам емес. Бетке тік айтады. Кезінде арамызда реніш көп болды. Ажырасу үшін түрлі сылтаумен ұрысып қалатын едік. Көңіліне келетін сөз айтқаным да рас. Қазір соған қатты өкінемін. Кейінгі 5-6 жылда мүлдем ренжіспедік. Балалардың көзінше тіпті бір-бірімізге дауыс көтермейміз", – деді әнші.
Өнер иесінің сөзінше, жары басқа саладан болса да, өнерге деген талғамы биік екен.
“Техника саласының маманы. Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰЗТУ-ді бітірген. Талқылайтын дүние көп. Кейде менің білімім жетік емес шығар деген ойға да келем. Әлде де талқылар тақырыбымыз көп болар ма еді?! Дегенмен менің ойымша, екеуміздің тәжірибеміз екі бөлек, сол екі әлем қосылып, біздің қарым-қатынасымыз құралатын сияқты. Қашан көрсең де қолынан кітап түспейді", – деді Оразбеков.
Еске салайық, әнші "Жаманымды жасырдың" деп әйеліне ел алдында алғыс айтқан еді.