AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Менің балам емес: Нұр-Сұлтанда ұлын мойындамаған азамат ДНҚ сараптамасын жасатты 

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны бұрынғы некеден туған ұлын мойындамайды. Ал бұрынғы әйелі 4 миллион теңге алимент талап етуде. Ұлының өзінен туғанына күмәнмен қараған ол ДНҚ сараптамасын жасатты. 

Бұл туралы “Астарлы ақиқат” бағдарламасында айтылды. 

Оңтүстік Қазақстан өңірінің тумасы Нариман мен Балауса қазір Нұр-Сұлтан қаласында тұрып жатыр. Екінші жары Балауса да бұрын тұрмыста болып ажырасқан. Бірге тұрып жатқанына 3 жыл болды. 

Кенеттен Нариманның бұрынғы жары хабарласып, 4 миллион теңге алимент талап етіпті. Бұл туралы Нариманның әйелі Балауса айтты. 

“Нариман бұрын үйленген. Қазір 9 жастағы ұлы бар. Осы уақытқа дейін алимент төлемеген. Себебі, ұлының өзінен екеніне сенімсіз. Екеуміз ақиқатын білгіміз келеді. Екеуінің дауласып жүргеніне екі жыл болды. Мен араласпасам, шешілмейтін секілді. Егер бала Нариманнан туғаны дәлелденсе, біз алименттен қашпаймыз. Тек шындықты білгіміз келеді”, – деді Балауса. 


"Әкеме қарамады": Жамбыл облысында қызы 5 жылдан кейін іздеп келген анасына барудан бас тартты


Ал ДНҚ жасатуға өтінішті Нариманның бұрынғы жары Людмила берген. Ол алимент талап етуге құқығым бар деді. Людмила Нариманмен қалай танысқанын, сүйіп қосылғанын айтты.

“Мен Нариманмен 8-сынып оқып жүргенде таныстым. Ол менен 2 жас үлкен. 16 жасымда жүкті болдым. Мерзімінен бұрын босандым. Екеуміз екі жыл жүрдік. Ата-енем де, күйеуім де жақсы адам. Оның неге өзгеріп кеткенін, неге өтірік әңгіме айтқанын түсінбеймін. Оған үйретіп қойған секілді. Қазір күйеуім, екі балам бар. Нариманды қайтарып алайын деп жүрген ойым жоқ. Тек ұлым әкесімен араласқысы келеді. Туыстарымен араласқысы келеді. Сондықтан ұлымның өз тегінде болғанын, туыстарын біліп өскенін қалаймын. Нариман да, ата-енем де келіп тұрды. Ұлын көріп тұрды. Бірақ мен алимент алған жоқпын. Ажыраса сала алимент талап еткен жоқпын, бірақ құқығым бар. ДНҚ жасатуға өзім өтініш бердім. Себебі ұлына әкесі Нариман екенін дәлелдегім келеді”, – деді Людмила. 

Ал сарапшылар өз әйелін қаралап, ұлын мойындамаған азаматтың әрекетін құптамады. Мұның бәрі ез адамның тірлігі деп қайырды. 

Нариман жастайынан қосылған жарына не себепті күмәнмен қарайтынын айтты. 

“Екеуіз жаңа танысып жүргенде балалар ескертетін. Ол қызға жақындама деп талай айтты. Мен жас болдым. Бір-бірімізді жақсы көрдік. Екі жыл жүрдік. Бірақ бір айдай кездеспедік. Сол аралықта ол жүкті екенін айтты. Кейін анасы бала Нариманға ұқсамай қала ма деп қорқып едім деді. Ұлым маған ұқсамайды. 8 ай ғана бірге тұрдық. Оның өскенін көрген жоқпын. Сондықтан оған деген сезімім жоқ. Егер менің ұлым болса, қуанышты болар едім. Ақиқатты білгім келеді деді”, – деді кейіпкер. 

Бағдарлама барысында ДНҚ тестінің нәтижесі айтылды. Нариман мен ұлының ұқсастығы 99,9 пайыз болып шықты. Нариманның баласы екені анықталды. Алайда кейіпкер бұрынғы әйелінен де, ұлынан да кешірім сұраған жоқ. Тек алимент төлейтінін айтып ақталды. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр