"Мені жақсы көреді": Заңғар Нұртастың бұрынғы әйелі жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді
Айдарбековтер әулетінің экс-келіні Жібек әлеуметтік желіде жеке өмірі туралы айтудан үзілді-кесілді бас тартты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жібек әлеуметтік парақшасында шағын сауалнама жасап, оқырманнан келген сауалдарға жауап берді. “Сіздің жеке өміріңіз туралы бүкіл Қазақстан білгісі келеді” деген сөздің астарын түсінген Жібек: “Қыздар, ендігі жеке өмірімді әлеуметтік желіде көрсетпеймін. Тыныш ұйықтаңдар”, – тақырыпты жылы жапты.
Сондай-ақ ол өзін жақсы көретін жандардың барына алғыс айтты.
“Мені сөзсіз жақсы көретін отбасым, жақындарым бар. Менің айналамда осындай керемет жандардың барына ризамын”, – дейді ару.
Бұған дейін Айдарбековтер әулетінің кенжесі Заңғар Нұртас әйелімен заңды түрде ажырасып кеткенін айтқан болатын.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”