"Мені қудалап жатыр": Құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина ұсталды
Фото: Бақытжан Төреғожинаның жеке парақшасы
Полиция құқық қорғаушы, белсенді Бақытжан Төреғожинаны ұстап әкеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
17 тамыз таңертең қазақстандық құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина Facebook парақшасында оны Алмалы аудандық ішкі істер бөліміне алып жатқанын хабарлады. Бірнеше сағаттан кейін ол оқиғаны қудалау деп атады.
"Билік мені қорқытып, аузымды жабу үшін не ойлап табарын білмей отыр! Қылмыстық кодекстің 405-бабы “Тыйым салынған ұйымға қатысты” бірде-бір сұрақ қоймастан, жауап алды! Аула арқылы полиция бөлімшесінен алып шығып, үйге мәжбүрлеп әкеліп тастады. Полиция алдына келген жақындарыммен тілдестірмеді”, – деді белсенді.
Оның айтуынша, билік оны қорқытуға тырысады.
Адвокат Ғалым Нұрпейісов Төреғожинаның таңғы сағат 7 шамасында Ганди саябағында ұсталғанын түсіндірді. Оның айтуынша, полиция сол жерде жоспарланған митингіге байланысты оны ұстады. Қазақстанда экстремистік деп танылған, бірақ халықаралық ұйымдар оны бейбіт оппозициялық қозғалыс деп санайтын "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысына байланысты жауапқа тартылған.
Бақытжан Төреғожина – Қазақстандағы ең танымал құқық қорғаушылардың бірі. Ол "Ар.Рух.Хак" ұйымын басқарады, ондаған жылдар бойы адам құқықтарының бұзылуын бақылап, саяси тұтқындарды қорғап келеді.
Еске салсақ, Қазақстандық құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина АҚШ-тың "Батыл әйел" халықаралық сыйлығымен марапатталған еді.

"Киіктерді өз өмірінің құнымен қорғаған батыр": Қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің қаруланған броконьерлерді қуамын деп қалай қаза тапты
