"Мені көрсеқызарлыққа салынбады дейсіңдер ме?" Медеу Арынбаев марқұм жарының орнын ешкім баса алмағанын ашып айтты
Фото: https://www.instagram.com/medeu_arynbaev
ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, әнші Медеу Арынбаев “Бүгін. Live” бағдарламасына берген сұхбатында өмірден ерте кеткен марқұм жарының орнын ешкім баса алмағанын ашық айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі.
Биыл өнер иесінің жары дүниеден озғанына 15 жыл толады. Әншінің айтуынша, осы жылдар ішінде талай адамды жолықтырғанымен, ешбірі өмірлік серігіне тең бола алмаған.
“Айгүлдей жар сүйетінімді бала күнімнен білгенмін. Бір көрдім, ғашық болдым, одан бері қанша жыл өтті. 12 жыл отауластық, ұлды болдық, қызды болдық, өкінішке қарай, биыл желтоқсанда дүние салғанына 15 жыл болдаы екен. Уақыт өтіп жатыр. Адалдыққа қатысты қаншама әндер шығып жатыр. Жасырмаймын, мені көрсеқызарлыққа салынбады дейсіңдер ме? Ешкімге әуестенбеді дейсіңдер ме? Бірақ болмады, сәті түспеді. Айгүл дүние салғаннан кейінгі алғашқы 5 жылда ғашық та болып көрдім, жолықпады емес жолықты, алайда Әйгүлдей болмады. Мұның себебін түсіндіре алмаймын”, – деді өнер иесі.
Айта кетейік, бұған дейін Медеу Арынбаев марқұм әйелінің соңғы сәттерін есіне алғаны хабарланған болатын.