"Менделеев кестесіндегі барлық элемент сонда": Қазақстан Ауғанстан жерінде пайдалы қазбалар өндірмек
Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Қазақстанның алдағы уақытта Ауғанстан жерінен пайдалы қазбалар өндіретінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
“Менделеев кестесіндегі барлық элемент Ауғанстан жерінде. Бірақ өкінішке қарай, ондағы қазба байлықтарды ешкім тауып, өндіріп жатқан жоқ. Біз бәрін жан-жақты зерттейміз деп келістік. Ауғанстандықтар Қазақстанға мұсылман капиталы бар ел ретінде олардың нарығына шығу үшін жағдай жасалады деп сендірді”, – дейді Қайрат Төребаев.
Вице-министр Ауғанстаннан табылған пайдалы қазбалар Қазақстанға жеткізіліп, өндірілетінін атап өтті.
Айта кетейік, Алматы облысының тұрғындары алтын кенішінің ашылуына қарсылық білдірген еді.
Алматылықтарға жер сілкінісінен қорғайтын арнайы "қауіпсіздік торы" ұсынылды
Құрылғының көлемі шамамен лифт кабинасындай болады және оған бір отбасы сыя алады
Топ чемпионатта ойнағым келеді, ал білім мен спортты қатар алып жүру маңызды қағидам — Әділет Садыбеков
Әділет Садыбеков – Чемпиондар лигасында гол соққан үшінші қазақ футболшысы