4 баланың әкесі ұшақ апатынан қайтыс болды
Жаңа жылды ата-анасымен бірге қарсы алғысы келген қостанайлық Абай Нұрбеков жолға отбасымен бірге шыққан. Олар елордадан кейін ары қарай Арқалыққа жол тартпақ болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Динара Сәтжан өзінің желідегі парақшасында жазды.
«Еліміз 15 адамынан айырылды. Жүрегім ауырып отыр. Соның бірі Абай Нұрбеков әйелі және төрт баласымен елордаға ұшпақшы болған. Ары қарай Арқалықтағы ата-анасымен жаңа жылды бірге қарсы алғысы келіпті. Абай қаза тапты. Ол отбасының жалғыз асыраушысы еді. Оның әйелі мен балалары қазір жан сақтау бөлімінде жатыр. Отбасы үшін дұғада болайықшы. Абайдың отбасына көмек ретінде ақшаны қайда аудару туралы мәліметті беретіндерін айтты», – деп жазды Динара Сәтжан.
Бұдан бөлек Динара әуе кемесінен және жол апатынан көп адам қайтыс болатынын және бұл мәселені шешу керектігін ұсынды. Ол бұл жағдайды тек Тоқаев шешетінін және осы мәселені өз құзырына алуын сұрады.
«Президентіміз әуе компанияларын тексеретінін айтты. Тек әуе кемелері ғана емес, жолды да тексеріске алу қажет. Оны тек @tokayev_online шешеді. #bekair ұшақтарын кім тексерді. 2016 жылы Фоккерлерге ұшуға тосқауыл қойылған. Бірақ қандай жолмен шешілгені белгісіз. Бүгін енді адамдар қаза тапты. Отбасылар жақындарынан айырылды. БекЭйр және Скатты адамдар билет арзан болған соң ғана таңдайды. Ұшақ құлағанда балалардың ата-аналарының не сезінгендерін ойлау қиын», – деп жазды ол.
Қазір төрт баланың бәрі ауруханада. Жалпы 9 бала ауруханаға жатқызылды.
«Үш баланың аяғы сынған, бір қыздың екі аяғы бар, осы уақытқа дейін барлық операциялар жасалды, бір қыз палатада. Отадан кейінгі екі баланы қоспағанда, барлығы саналы. Олар жан сақтау бөлімінде. Балалардың ешқайсысының өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Кішкентай балалар ауыр жарақат алмады, олардың екеуі де жан сақтау бөлімінде», - деді балалар омбудсмені Аружан Саин.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
