Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тасмағамбетов зейнетке шыққаннан кейінгі өмірі жайлы айтты: Саясаткер отставкаға кеткен соң алғаш рет сұхбат берді

Белгілі журналист Нұртілеу Иманғалиұлы бұрынғы премьер-министр, Ресейдегі Қазақстанның экс-елшісі Иманғали Тасмағамбетовтен сұхбат алып, жаһандағы, елдегі көкейтесті мәселердің бірқатарын көтерді. Саяси қайраткер қазір зейнетте немен айналысып жатқанын айтты. Сұхбат "Қазақ әдебиеті" басылымында жарияланды. 

Нұртілеу Иманғалиұлы күт­пеген жерден зейнет демалысына шығып кет­кеніне де бір жылға жуықтағанын, қазір немен шұғылданып жүрсгенін тілге тиек етті.

"Құпия емес. Ел қатарлы өмір сүріп жатыр­мыз. Мынау айтып келмеген індет басталғалы үйден алыстамауға тырысамын. Оның да бұрын аса мән бермеген қызығы көп екен. Ең бастысы – шығармашылық ойға, бұрын қол тие бермейтін сүйікті ісіңе уақыт жетеді. Жаңа өзіңіз айттыңыз, көп жыл елдің қызме­тін­де жүрдік. Жатсақ-тұрсақ ойымыз жұмыста, бойымыз үйден алыста болдық. Әрине, оған өкініп отырған жоқпын. Өйткені, ер азамат үшін ел-жерінің игілігіне қызмет етуден артық бақыт жоқ. Осы жолда азды-көп халыққа пайдамыз тиіп, ең­бегіміз еленіп жатса, ол да болса осы ақжүрек жұртымыздың арқасы…", - деп жауап берді.



Сондай-ақ Тасмағамбетов аяқ астынан зейнетке шығуын "күтпеген" жерден болмағанын айтады.

"Зейнет демалысы деп отырсыз ғой… Мен үшін бұл «күтпеген сый» болды деп айтпаймын. Жеті рет өлшеп, бір рет кескен келелі шешімім. Өз қалауым. Ашығын айтқанда, бұл өмірде «құлақсыз сан­дық» секілді тиімсіз болуға арланамын. Сол үшін де, қайнаған істің жолына емес, лауазым- қызметтің қолына қарап отыратындардың қатарынан емеспін", - деп қысқа қайырды

Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылдың желтоқсанында Иманғали Тасмағамбетов Ресейдегі Қазақстан елшісі қызметінен кеткен еді. Дереккөздердің хабарлауынша, саясаткер "зейнет жасқа жетуіне байланысты" демалысқа шықты. Тасмағамбетов бұл қызметте 2017 жылдың ақпан айынан бері жұмыс істеді.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 23 Қараша, 2020 13:40
Талқылау