"Мен сені осы қалпыңда жақсы көрем": Әсел Асқар күйеуіне сезімін білдірді
Актриса Әсел Асқар Айбек Жұмабековпен бірге түскен суреттерін жариялап, оған деген сүйіспеншілігін мойындады.
Әсел өзінің Instagram парақшасында Айбекпен бірге түскен бірнеше романтикалық суреттерімен бөлісті.
"Екеуміз қол ұстасып "отбасы" деп аталатын ұзақ жолмен жүріп келеміз. Барлығы болды: махаббат, сатқындық, қайғы, көз жасы, қуаныш, кешірім, қарсыласу, өрлеу, құлдырау, ақша тапшылығы, күту, иллюзия, алдау, әлсіздік, айқай, ұрыс-керіс. Бірақ біз ешқашан үндемейміз! Бірақ соған қарамастан, біз жүреміз. Біз қателесеміз, сүрінеміз, тұрамыз, өзімізді сілкіп аламыз, жүгіреміз. Бірақ біз ешқашан тоқтамаймыз! Мен сені сол қалпында жақсы көремін", - деді блогер.
Жазылушылар отбасына бар жақсылықты тіледі.
"Отбасыңызға тек бақыт тілеймін", "Өмірде бәрі болады, бастысы бәрін жеңіп, бірге жүру. Бақыт пен махаббат тілеймін", "Жарайсыз, бақытты болыңыз. Сізге барлық жақсылықты тілеймін шын жүректен", "Жарайсың, бұл өмір. Бақыт саған", "Менің сүйіктім", деп жазды Әселдің жанкүйерлері.
Еске салайық, Әсел Асқар баланың әкесімен қайта қауышатынын былтыр күзде жариялаған болатын. Ал бұған дейін актриса Айбекпен ажырасып кеткен еді.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
