Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Мен орыстардан таяқ жеп өскенмін”: Алмат Сақатов Украинадағы жағдайға қатысты ойын айтты

Алмат Сақатов Украина мен Ресей арасындағы келеңсіздіктерге қатысты ойын айтты. Актер пікірін мысалмен келтіріп, көпшілікке ой тастады.  

“Менен оқырмандар, “Украинаны қолдайсыз ба, Ресейді ме?” деп сұрайды. Мен бала күнімнен орыстардан таяқ жеп өстім. Бізді орысша білмесең, адам болмайсың де өсірді. Біз қазақ тілінің бар екенін дәлелдеумен өстік. Әлі де дәлелдеуіміз керек. Негізі соғыс болмағаны жақсы. Баяғыда бір жігіт келіп зергерге, “мына сақинаның ішіне Жомарттан Айгүлге деп жазып беріңізші” деген екен. Сонда зергер “Жомарттан деп қана жаза салсаңшы. Ертең Айгүлмен ұрысып қалсаң, басқаға сыйлай салуға ыңғайлы болады” деген екен. Сол айтқандай, қылтың-сылтыңды қойып, бір жағына шығуымыз керек. Бәріне амандық тілеймін”, – деді актер.

Сақатов өзіне жеке сұрақ қойған оқырманына жауап берді. 

“Бір оқырман жазыпты. “Ресейді сыйлайсыз ба, Украинаны сыйлайсыз ба?” депті. Мен қазақ ұлтын сыйлаймын. Бір мысал айтайын. Егер бір құтыға қара құмырсқа мен қызыл құмырсқаны бірге салса, олар бірге тыныш өмір сүре береді екен. Егер құтыны сілкіп қалса, қызыл мен қара құмырсқалар бір-бірімен арпалыса бастайды екен. Сонда мәселе, қызылында да, қарасында да емес, құтыны кім шайқағанында болып тұр ғой”, – дейді ол. 

Желі қолданушылары оның сөзін қостап, өз пікірін жазысты. 

“Иә, орысша біле алмасаң, нан ала алмайсың дейтін бізге”, “Екі итті талатып қойып бәрі соған қарап отыр, соғысты тоқтатуға ат салысу керек. Құдай-ау біреудің жерінде не бар? Жер жетпей қалды ма? Қара халықтарына обал”, “Әлі күнге дейін орысша білмесең жұмысқа кіре алмайсың”, “Не болса да адамшылықты жақтайық!”, – деп жазды желідегілер. 


Мөлдір Төлебай
Сенбі, 05 Наурыз, 2022 11:56
Талқылау