Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мен мұны 2008 жылы болжағанмын" - Тоқаев әлемдегі өзгерістер туралы

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2008 жылы әлемдегі өзгерістер мен түрлі елдердің "ұлтшылдыққа бет бұру үрдісі" туралы болжаған. Бұл туралы мемлекет басшысы "Ана тілі" газетіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Шынында да, әлем өзгерді. Мызғымастай көрінген жаһандану үрдісі пандемияның әсерінен кіді­рістеп қалды. Мемлекеттер өзін-өзі оқшаулауға, "әркім өз күнін өзі көрсін" қағидатына баса мән бере бастады. Халықаралық қатынастарда ұлтшылдыққа бет бұру үрдісі артып келе жатқаны байқалады. Мен мұны 2008 жылы ертерек болжап айттым. Бірақ ол кезде менің тұжырымымды саясаткерлер мен ғалымдар қолдамады. Тіпті коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеу ісі де халықаралық ынтымақтастықтан тыс, "әркім өзі үшін" қағидаты бойынша жүзеге асырылуда", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар, президент БҰҰ жұмысы туралы сөз қозғады.

"Әлемде өзге баламасы жоқ Біріккен Ұлттар Ұйымы өзінің атына заты сай бірегей халықаралық ұйым ретінде пандемия кезінде аса белсенділік таныта қоймады. Ірі державалар арасында текетірес күшейіп келеді. Аймақтардағы қақтығыстар шиеленісе түсті. Бұл – өңірлік мемлекет ретіндегі Қазақстан үшін қолайсыз үрдіс.

Біздің экономикамыз санкциялық соғыстар мен саяси текетірестерден шығынға ұшырауда. Еліміз өзінің бейбітсүйгіштігі мен өңірлік қауіп­сіздікке сындарлы үлес қосуға әзірлігін тұрақты түрде көрсетіп келеді. Елбасымыз ядролық қаруға қарсы қозғалыстың көшбасшысы әрі жаппай қарусыздану саясатының нағыз жақтаушысы ретінде бүкіл әлемге танылды", - деді мемлекет басшысы.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр