"Мен Михаил Шайдоров емеспін": Желіде Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовтың жазбасы қызу талқыланды

Италияда өткен Паралимпиаданың чемпионы Ербол Хамитов желідегі парақшасында Михаил Шайдоров туралы қысқа пост жазды. Бұл қазақстандықтар арасында қызу талқыланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Спортшы жазбасын Threads парақшасында жариялаған.
"Мен Михаил Шайдоров емеспін", – делінген жазбада.
Көптеген қазақстандықтар Ерболдың жазбасын Паралимпиададағы жеңісіне Олимпиада жеңімпаздары секілді құрмет көрсетілмегенін меңзеген деп түсінді. Желі қолданушылары.
"Пәтер мен көлік бермеді ме?", "Ербол – сен кереметсің, өзіңді ешкіммен салыстырма", "Дұрыс марапаттамады, мықты спортшы ғой", "Сонша еңбек етті, алтын алды, ал машина неге берілмеді?" – деп пікір білдірді.
Кейін Хамитов тағы бір жазба жариялап, жағдайды түсіндірді:
"Бұл жай ғана әзіл, достар, артық ештеңе жоқ. Михаил мықты. Ел туын көтеріп жүргендердің бәрі үшін қуаныштымын", – деді ол.
Еске салсақ, бұған дейін Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарының чемпионы атанған еді. Кейін мемлекет басшысы Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовті құттықтады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған