"Онсыз да басшылық қызметтемін": Қанат Бозымбаев вице-президент лауазымы туралы айтты
Фото: t.me/KZgovernment
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев вице-президент қызметіне тағайындау мүмкін екеніе қатысты пікір білдірді. Ол өзіне бұл лауазымды қарастырмайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Жақсы сарбаз қолбасшы болуға ұмтылады. Бірақ мен онсыз да басшылық қызметтемін. Сондықтан маған бәрі де жеткілікті. Ал Конституция бойынша, өздеріңіз білесіздер, тағайындау президенттің құзыретінде және жаңа парламентпен келісіліп жүзеге асады. Халық пен сарапшылар талқылай береді – бұл бізде қалыпты жағдай. Бізде көбіне былай: әкімді жаңадан тағайындалады, үш айдан кейін-ақ оның қайда кететіні мен орнына кім келетіні талқылана бастайды. Мен өзім үш рет әкім болдым. Сондықтан бұл – таза қазақстандық жанр. Мен бұған мүлде мән бермеймін”, – деді ол.
Бозымбаев сондай-ақ өзінің назарын қазіргі қызметіне көңіл бөлуге ниетті екенін айтты.
Қазақстанда "Ерен еңбегі үшін" медалі кімдерге беріледі, талаптары қандай
Заңға сәйкес, марапат мына салалардағы еңбек жетістіктері үшін беріледі
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге көтерілсе не өзгереді және кімдердің табысы өседі
Маман: "Қазақстанда ең төменгі жалақыны белгілеудің нақты математикалық формуласы жоқ"