Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мен бастапқыда пара спортшыларды мойындамадым – Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов

Ербол Хамитов Фото:ҰПК

Миланда өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында Ербол Хамитов чемпион атанып, ел қоржынына алғашқы жүлдені салды. Ол тек шаңғы спортында ғана емес, өзге де спорт түрлерінде шыңдалып, табандылығының арқасында үлкен жетістіктерге жетіп жүр. Осы тұста Stan.kz тілшісі Ерболмен сұхбаттасып, Паралимпиадаға дайындық барысы, спорттағы жетістіктері, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау  туралы әңгімелесті.

Ербол Паралимпиада ойындарында жеңіп алған жүлдеңіз құтты болсын! Жалпы осы Паралимпиада ойындарына дайындық қалай өтті?

– Паралимпиадаға дайындық ойдағыдай өтті. Біз оқу-жаттығу жиынын Швейцарияда өткіздік. Швейцарияда 1800 метр биіктікте өткен оқу-жаттығу жиынына қатысып, тыңғылықты дайындалдық.

Былтыры әлем чемпионатында топ жардыңыз. Бұдан өзге де жетістіктеріңіз көп. Айтулы жеңістеріңізден кейін астыңызға көлік, басыңызға баспана сыйлады ма? Сыйласа нақты кімдер сыйлады?

– Иә әкімдік көлік сыйлады. 2023 жылы Қазақстан тарихында алғаш рет әлем чемпионы болдым. Сол кезде әкімдік арендаға үш бөлмелі пәтер берді. Ал 2025 жылы әкімдікке кіргенде сол пәтерді өзім сатып алуды сұрадым. 

– ⁠Паралимпиада елімізде қаншалықты деңгейді қолдау көрсетеді? Массажист, тағы басқа мамандар дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген бе?

– Иә Паралимпиада ойындарына дәрі-дәрмек массажист дәрігеріміз Нұрила Әлменова, Ярослав бауырымыз барлығын жанымыздан табылды. Әрине арасында қателіктер мен қиыншылықтар да болды. Мысалы, жазда дайындалған кезде болмады. Бірақ бәріне алғысым шексіз. Соның ішінде жеке бапкерім Антон Ждановичке, екінші бапкерім үйде келмеді Аслан Тоқбаев және бас бапкер, шаңғымды дайындаған командама рақмет!

– ⁠Сіздің бір ғана спортпен айналыспайтыныңызды білеміз. Өзге де спортпен шұғылданасыз. Бәріне қалай үлгересіз? Осы тұрғыда жастарға, басқа адамдарға қандай ақыл-кеңес айтасыз?

– Шаңғы спортымен айналысқанда бұл маған психологиялық тұрғыдан күш береді. Сондай-ақ аралас жекпе-жекпенде шұғылдандым, бала кезімнен футболмен айналыстым. Жалпы бала кезден жан-жақты болу басты қағидам. Адам қаласа бәріне уақыт табады.

– Өзіңізді жанкүйерлерге жақынырақ таныстыра кетіңізші

Мен Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласының тумасымын. Бала кезімнен ата-әжемнің қолында өсіп, сол кісілердің тәрбиесін алдым. Бала кезімде бұзықтау болдым. Мені көріп отырған жас спортшыларға айтарым: өздеріңе сеніңдер, ешқашан берілмеңдер. Әрқашан тек алға ұмтылыңдар.

– ⁠Көп адамға үлгісіз. Ерік жігеріңізді бойыңызға жинап, осындай ерекше талпыныспен спортқа келуіңізге не нәрсе әсер етті?

Менің осы спортқа келуіме Висилова Сергеевна мен Анатолий Игрович үлкен бағыт-бағдар берді. Бастапқыда мен параспортшыларды мойындамадым. Бірақ уақыт өте келе олардың қаншалықты мықты, қайсар әрі еңбекқор екенін түсіндім. Қазір мен үшін үлгі тұтатын паралимпиадашылар бар. Мен параспортқа 2018 жылы келдім, сол уақыттан бері осы салада өзімді дамытып келемін.

– ⁠Қазіргі таңда Қазақстанда Пара спорттың дамуына қандай баға бересіз? Жеткілікті деңгейде көңіл бөлініп жатыр ма?

– ⁠Осы тұста мемлекет басшысына алғысымды білдіремін. Сол кісінің арқасында параспорт дамып, спортшыларымыз Әнұранымызды шырқатып жүр. Дегенмен, кейбір қиындықтар да бар. Дейтұрғанмен, мұның бәрі алдағы уақытта реттеледі деп ойлаймын.

– Паралимпиададағы қола медаліңізден кейін құттықтап, хабарласып сыйлық сыйлаймыз деп атап жатқандар көп шығар?

– Жоқ ондай сыйлық атағандар болмады. Алда тағы да жарыстар бар. Мен үшін ең үлкен жол әлем мен Қазақстан тарихында қалу. Сыйлық деген мен үшін екінші пландағы дүние.

Ақерке Өмірхан
Жұма, 13 Наурыз, 2026 17:14