Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мен басқалардан ерекшеленемін": Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегі қашан болатынын айтты

Орта салмақта WBO Global және WBC Continental Americas белдіктерінің иесі Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6КО) 5 қарашада жекпе-жек өткізетінін айтып, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі "Қазақстанның кәсіпқой боксы" парақшасында мәлім етілгендей, Жәнібек биылғы 5 қарашада Лас-Вегаста тәжірибелі француз боксшысы Хассан Ндам Нжикамға (38-5, 21КО) қарсы жекпе-жек өткізеді. 

Айқас алдында қазақстандық спортшы бокстағы өзінің бірегей стилі туралы тағы бір мәрте мәлімдеді.


"Бәріне көрсетемін": Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады


"Мен басқалардан ерекшеленемін және оны бәрі біледі. Менде басқа мәнер бар. Қазақ мәнері — әлемдегі ең үздік мәнер. 5 қарашада мен оны көрсетемін", – деп жазды Жәнібек Twitter-де.⠀

Әлімханұлы өзінің соңғы жекпе-жегін биылғы маусым айында Лас-Вегаста да өткізген болатын. Онда ол WBA Regular нұсқасы бойынша орта салмақтағы экс-әлем чемпионы Роб Брантты (26-3, 18КО) мерзімінен бұрын сегізінші раундта жеңген болатын.

Айнұр Мұхади
Бейсенбі, 14 Қазан, 2021 10:38
Талқылау