"Бәріне көрсетемін": Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады
Жеңілмеген қазақстандық балуан Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“Мен басқамын, оны бәрі біледі. Менің стилім басқа. Қазақ стилі - әлемдегі ең жақсы стиль. Мен оны 5 қарашада көрсетемін”, - деп жазды боксшы өзінің Twitter -дегі парақшасында.
Еске салсақ, 5 қарашада Лас-Вегаста Top Rank бокс кеші аясында Жәнібек Әлімханұлы бұрынғы әлем чемпионы - француз Хасан Ндам Нжикаммен жұдырықтасады. Қазақстандық үшін бұл жекпе-жек жылдың екіншісі.
Маусым айында орта салмақтағы кәсіпқой боксшы Американың бұрынғы чемпионы Роб Брантты мерзімінен бұрын жеңді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”