AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Мен атқа отыра алмайтындықтан орныма арық жігітті түсірдік”: Айгүл Иманбаева қызықты оқиғасын айтты

Айгүл Иманбаева ауыл қызы болғанымен атпен шауып көрмегенін айтады. Актриса түсірілім кезінде болған қызықты жайттарды көрерменге айтып берді.

Айгүл Иманбаева: Үй жинап, тамақ істемегеніме тура 22 жыл болды 

Бұл туралы “Түнгі хабарда” айтылды.

Көрерменге келін рөлімен танылған Айгүл Иманбаева бүгінде ана, ұстаз, беделді актриса. Ауылдан шыққан актриса атқа міне алмайтынын мойындады. Бұл, әсіресе, түсірілім кезінде қиындық тудырады. 

“Мен ауылдың қызы болғаныммен атқа мініп көрмеппін. Атпен шауып көрмеппін. Атқа мінуге қорқамын. Атпен шабатын кезде аяғым дірілдейді. Бір түсірілім түсіру керек болды. Онда атпен шабатын картина бар. Менің орныма  бір актриса келді. Бірақ алып келген ат әйел адамға жүрмейді екен. Адамның қорқып тұрғанын сезе ме, әйтеуір шаппай қойды. Содан бір әдемі, арық жігіт бар еді. Соған көйлегім тура келді. Кигіздік те соны түсірдік. Әдемі жараса кетті. Қsз екенін ажырата алмайсың. Бетін көрсеткен жоқ. Сондай қызықтар болған. Ол ұяла-ұяла қыз болды”, – дейді актриса. 

Айгүл Иманбаева өзінің кейбір мінезі үшін анасының жиі сын айтатынын жеткізді.

“Анам үнемі ұрсып отырады. Мен анамды тәте деймін. Үлкен ағам анамды тәте дейтін. Сендер де тәте дейсіңдер деді. Содан солай атап кеттік. Маған анам шошақайсың, мінезіңді түзе дейді. Қыз секілді сыпайы бол дейді. Менің ұлым 24-ке келді. Анам мені әлі қыз деп ойлап жүр” – деді ол.

Иманбаева алғаш өзін халыққа танымал еткен келін рөлі жайлы айта кетті. 

“Ол кезде бәрі мені мен Жалғасты шынында да ерлі-зайыпты, Мағжанды менің ұлым деп ойлайтын. Біз Жалғас екеуміз дос-жегжатпыз. Бірге оқығанбыз. Оның ұлына кіндік шешемін. Тойында қыз жолдас болғанмын. Ол кездер керемет кездер ғой. Мен халық келін деп қабылдады”, – деді актриса.


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр