Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мен ақымақ сиырмын: Өз есімін Google-дан іздеген қыз өзі туралы ұятсыз суреттер мен видеоларды көріп жағасын ұстады (фото)

Аустралияда бойжеткен Google шолғышынан өз есімін іздеп, нәтижесінде өзі туралы сұмдық суреттер мен видеоларды көрген. Суреттерде жалаңаш әрі эротикалық қалыпта тұрған, сондай-ақ, видеоларда жыныстық қатынаспен айналысып жатқан әйелдердің денесіне оның бет-әлпеті фотошоп арқылы орналастырылған.

Мен ақымақ сиырмын: Өз есімін Google-ден іздеген қыз өзінің суреттері мен видеоларын көріп жағасын ұстады (фото)

Бұл туралы The Sun басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Фотошоп арқылы менің бетімді жыныстық қатынаспен айналысып жатқан әйелдердің денесіне, «Мен ақымақ сиырмын» деген жазуы бар жейде киген қыздың денесіне орналастырып қойған. Сонымен қатар ересектерге арналған ұятсыз фильмдер жазылған дисктердің қаптамасына менің суретімді қойған», – дейді  Ноэль Мартин.

Мен ақымақ сиырмын: Өз есімін Google-ден іздеген қыз өзінің суреттері мен видеоларын көріп жағасын ұстады (фото)

Жоғарыда аталған ұятсыз суреттер мен видеолардың бәріне Ноэльдің 17 жасында Facebook желісіндегі парақшасына жүктеген суреті қолданылған. Өз кезегінде қатты шошыған бойжеткен полицияға шағымданғанымен, оған көмек беруден бас тартқан. Құқық қорғаушылардың сөзінше, мұндай жағдайға бойжеткеннің өзі кінәлі. Себебі желіге жариялаған дүниелерге абай болу керек, дейді полициядағылар.

«Мен өзімнің бет-әлпетім қолданылған суреттерді порнографиялық сайттардан көріп, қатты жылаған кездер болды», – дейді Ноэль Мартин.

Мен ақымақ сиырмын: Өз есімін Google-ден іздеген қыз өзінің суреттері мен видеоларын көріп жағасын ұстады (фото)

Бүгінде Ноэль 23 жаста. Ол ЖОО-ның заңгерлік факультетін тәмамдаған. Бойжеткеннің сөзінше, мұндай мәселелерді жариялау өте маңызды. Себебі ол сол оқиғадан бері 5 жыл өтсе еді, әлі де зардабын тартып, ұмыта алмай келеді екен. Ал мұндай арсыздардың құрбаны болған тек Ноэль ғана емес көрінеді.

Мен ақымақ сиырмын: Өз есімін Google-дан іздеген қыз өзі туралы ұятсыз суреттер мен видеоларды көріп жағасын ұстады (фото)

Қазіргі уақытта Батыс Аустралия билігі жаңа заң енгізуде. Оған сәйкес, жеке тұлғаның келісімінсіз оның интимді суреттерін жариялау қылмыс болып табылады. Осындай мақсатта фотошоп қолдану туралы бап та қарастырылған. Өз кезегінде заң бұзған адам 18 айға бас бостандығынан айырылуы немесе 18 мың долларға (6 млн теңгеден аса) дейін айыппұл салынуы мүмкін.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 04 Шілде, 2018 13:56
Талқылау