Мемлекеттік қызметкерлердің желідегі парақшаларынан эротикалық суреттер табылды
2212 мемлекеттік қызметкердің жеке парақшасында қоғам наразылығын туғызатын контент анықталды. Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүргізген мониторингте көрсетілді.
Қазақстанда екі мыңнан астам мемлекеттік қызметшінің әлеуметтік желідегі жеке парақшаларында ішімдік, балағат сөз бен эротикалық суреттер табылған.
Агенттіктің айтуынша, мемлекеттік органда жұмыс істейтін қызметкерлердің 54 745 жеке парақшасы тексерілді. 2212 жұмысшының парақшасында мазмұны нормаға сай келмейтін 2300 сурет, 21 видео мен 46 комментарий анықталды.
“Суреттер мен видеода мемлекеттік қызметшілер ойын-сауық мекемелерінде ішімдік ішіп, балағат сөз айтқан, бейәдеп сөздерге толы мәтіндер мен эротикалық сипаттағы және қарумен түскен суреттер жариялған. Кей суреттер құмар ойындар мен букмекерлік ұтыс тігуге қызығушылықтарын көрсетеді”, — деп хабарлады жемқорлыққа қарсы агенттік.
Бұдан былай, агенттік әлеуметтік желілерді ғана емес, мемлекеттік қызметшілердің кімнен қандай сыйлық немесе басқа да марапаттау алғанын бақылап отырады.
Тағы оқыңыз:
Назарбаев: Тиімсіз банктердің банкрот болғаны дұрыс
Түрмеде Ермегияевқа жағдай жасап берген басшылар жаппай қызметтен қуылды
Головкин 2018 жылы жеңілуі мүмкін боксшылардың қатарына кірді