Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызметкерге жұма намазына баруға рұқсат бар ма

Астанада өткен баспасөз мәслиxатында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын мемлекеттік қызметшілердің діни ұстанымына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Қазақпарат ХАА.

20161205124621

Ол “Мемлекеттік қызметшілер жұма намазына қатыса ала ма?” деген сұраққа да жауап бере кетті.

“Мемлекеттік қызметші әскери адам сияқты нақты бір міндеттері бар тұлғалар санатына жатады. Адам мемлекеттік қызметке келгеннен кейін тиісті міндеттерді өз мойнына алады. Бұл дегеніміз, жұмыс уақытында ол өзіне жүктелген міндеттерді орындауы тиіс.

Қызмет орнында өзінің діни пайымдарын ашық білдіруге де рұқсат жоқ. Ондай талаптар дінге ғана емес, мемлекеттік қызметшінің киім-киісіне де қойылады. Бұдан бөлек, этика деген мәселе бар. Мемлекеттік қызметкер мемлекеттің “бет-әлпеті” болғаннан кейін, өзін лайықты ұстап, тиісті ережелерді сақтауы қажет”, – деп атап көрсетті Арын.

 

Талқылау