Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Қазақстандық шенеуніктер бұрынғы лауазымындағы теріс қылықтары үшін жазаланады

Фото: Ru.freepik.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметкерлерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Президент қол қойған жарлық нормативтік құқықтық актілердің ресми сайтында жарияланды. "Мемлекеттік қызметтің кейбір мәселелері туралы" президенттің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

"Мемлекеттік қызметкер бұрынғы мемлекеттік қызметінде теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылады", – делінген құжатта.

Сондай-ақ бұл жаңашылдық саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерге қатысты.

Тәртіптік жауапкершілік мәселесін мемлекеттік қызметкер құқық бұзушылық жасаған мекемедегі орган қарайды. Қызметтік тергеу материалдарын осы мемлекеттік органның комиссиясы зерттейді.

“Бұл ретте лауазымды тұлға жұмыс істейтін мемлекеттік органға оның бұрынғы жұмыс орны бойынша оған қатысты қызметтік тергеудің басталғаны туралы хабардар болады. Ал егер тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныс берілсе, бұл туралы хабарлама мемлекеттік қызметкердің соңғы жұмыс орнына жіберіледі”, – делінген хабарламада.


Қазақстандық шенеуніктер телефон тұтқасын үш қоңырауға дейін көтеруге міндеттелді


Қазақстанда мемлекеттік аппараттағы шенеуніктер санын қысқарту туралы петиция пайда болды


Егер саяси немесе әкімшілік мемлекеттік қызметкердің өкілеттігі тоқтатылған сәтке дейін оған тағайындалған тәртіптік жаза алынып тасталмаса, ол қызметкер қызметтен босатылған күннен бастап автоматты түрде алынған деп есептеледі.

8 мамырда жарияланған бұйрық ресми түрде жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң, яғни, 18 мамырда қолданысқа енгізіледі.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 12 Мамыр, 2025 12:19
Талқылау