Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік гранттар бөлінбейтін ЖОО тізімі жарияланды

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев мемлекеттік грантпен оқуға болмайтын ЖОО тізімін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

БҒМ Қазақстанда қай оқу орындарының лицензиясы тоқтатылғанын мәлімдеді

"Биыл білім және ғылым министрлігі үлкен шешім қабылдады. 36 ЖОО-ға мемлекеттік грант берілмейтін болды. Ол университеттер "Атамекен" рейтингісінде жұмысқа орналасу деңгейінің төмендігіне қарап іріктелді (әдістемеміздің негізінде жұмысқа орналастыру және білім беру бағдарламаларының өзектілігі жатыр)", - деп жазды Олжас Ордабаев өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Олжас Ордабаев, сондай-ақ, қазақстандық инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде күндізгі бөлімде 1528 адам оқып жатқанын атап өтті.

Бұл ретте 1 курста - 3, 2 курста - 6, 3 курста- 5, 4 курста - 1513 студент оқып жатыр. Оның айтуынша, осы ЖОО еліміздің барлық заңгер-түлектерінің 13% - на (699 адам) диплом береді. Салыстыру үшін, ҚАЗМЗУ-да 2018 жылы құқықтану мамандығы бойынша 185 түлек бітірді.


"Орталық Азия университетінде экономист түлектердің 30%-дан азы жұмыс табады. Білім беру бағдарламаларының өзектілігі 10% - дан төмен. Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетте "информатика" мамандығы түлектерінің 29%-ы ғана жұмыс табады. Тағы 4 мамандық бойынша жұмысқа орналастыру 50%-ға жетпейді. Мұндай мысалдар әлі де көп", - деп атап өтті Олжас Ордабаев.

Сондай-ақ, мемлекет грант бөлмейтін жоғары оқу орындарының тізімін жариялады:

1. "Астана" Университеті

2. Қазақстан теңіз университеті (қазіргі Ақтау гуманитарлық-техникалық университеті)

3. Академик А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті

4. Мардан Сапарбаев институты

5. Silk way халықаралық университеті

6. Сырдария университеті

7. Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті. 

8. Атырау инженерлік-гуманитарлық институты

9. Еуразия технологиялық университеті

10. Каспий қоғамдық университеті

11. Қайнар академиясы

12. Инновациялық Еуразия университеті

13. Еуразия гуманитарлық институты

14. Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы

15. Гончарова атындағы қазақ автомобиль-жол академиясы 

16. Орталық Азия университеті

17. Орталық Қазақстан академиясы

18. Қазақ технология және бизнес университеті

19. "Bolashaq" Академиясы

20. Қазақстан Инновациялық академиясы

21. Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті

22. Академик Қ. И. Сәтпаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты. 

23. Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы

24. Қызылорда Болашақ университеті

25. Баишев университеті

26. Шет тілдер және іскерлік мансап университеті

27. Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті

28. Гуманитарлық-техникалық академия

29. Алматы экономика және статистика академиясы

30. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

31. Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті

32. Алматы университеті

33. Қазақстан медициналық үздіксіз білім беру университеті

34. Қазақ-Орыс халықаралық университеті

35. Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

36. Академик Зұлхарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті

 

Талқылау