Тоқаев көлік министрі Марат Қарабаевқа сөгіс жариялады
Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен қауіпсіздік кеңесінің көлік-логистика саласын дамыту мәселелері жөніндегі отырысы өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Көлік министрі Марат Қарабаевтың және бірқатар орталық мемлекеттік органдар басшыларының баяндамалары тыңдалды. Мемлекет басшысы көлік саласындағы ахуалды сынға алды. Қордаланған проблемалар мен белгіленген межелердің орындалмауы жаңғырту жұмыстарын жүргізуге кедергі келтіріп отыр.
"Президент шекарадан жүк өткізудің қиындығын, көптеген өткізу бекеттерінің жағдайы нашар екенін, сондай-ақ ірі инфрақұрылымдық-транзиттік жобалардың өз уақытынан кешігіп жатқанын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев "Жасыл дәліз" жүйесін ұйымдастырып, еліміздің логистикалық әлеуетін оңтайлы пайдаланудың маңызына тоқталды. Оның айтуынша, жаһандық сын-қатерлер күшейген кезеңде Қазақстан өзінің бәсекелестік артықшылығын сақтап қана қоймай, оны нығайта түсуге тиіс", – делінген Ақорда хабарламасында.
Мемлекет басшысы жүк тасымалы көлемін арттыру үшін нарықты авиаотынмен жеткілікті деңгейде қамтамасыз ету қажет деп санайды. Бұдан бөлек, мультипликативтік тиімділікті көтеру мақсатында еліміз арқылы өтетін жүк тасымалы көлемін ұлғайту, соның ішінде әлемдік жеткізу тізбегіне қосылу міндеті қойылды.
Жиын соңында президент министр Марат Қарабаевқа жұмыс барысында жіберген кемшіліктері үшін сөгіс жариялады. Мемлекет басшысы көлік-логистика саласындағы проблемаларды шешуге қатысты нақты шаралар қабылдауды тапсырды.
Қытайлық көлік шығарушы өзін сынаған блогерден кешірім сұрауды талап етті
Көлік министрі үш қабатты төсегі бар вагондарды пайдалануды заң бұзу деп атады
Еске салайық, бұған дейін Астанада президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Абу Дабидің тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян келіссөздер өткізіп, 5 миллиард доллар көлеміндегі 20-дан астам коммерциялық келісімге қол қойылды. Masdar компаниясымен қуат сақтау және энергиямен қамту жобалары, мұнай-газ саласын цифрлық трансформациялау, суперкомпьютер кластерін құру туралы талқыланды. Бұдан бөлек автокөлік саласындағы ынтымақтастық, Астана әуежайына инвестиция тарту мәселелерін қозғады.

1 теңге салықтық қарызы үшін депозиттен ақшасын ала алмаған: Қазақстандық әйел банктен ақша алу кезінде тап болған қиындығын айтты
