Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Бүгін, Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 15-00-де Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев видео конференция режимінде өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысады. Кеңеске Беларусь Республикасы төрағалық етеді. Саммитке Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшыларынан бөлек, бақылаушы ел есебінде Молдова Президенті, шақырылған мемлекеттер ретінде Өзбекстан мен Кубаның басшылары қатысады", - дейді Берік Уәли.
Берік Уәли мемлекет басшысы қозғайтын тақырыптарға тоқталды. Шарада Еуразиялық экономикалық одақтың тиімділігін арттыру мәселесі алға қойылатын болады.
"Жиында Еуразиялық экономикалық одақты дамытудың өзекті мәселелері, оның ішінде, Еуразиялық экономикалық интеграцияның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму бағыттарының пысықталған жобасы, Одақтың халықаралық қызметінің кейбір аспектілері талқыланбақ. Іс-шара қорытындысы бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың тиімділігін одан әрі нығайтуға бағытталған бірқатар құжатқа қол қойылмақ", - дейді Берік Уәли.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
