Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Меломенге” бұрынғы әндерін орындауға тыйым салынды

“Меломен” тобының экс продюсері Жанна Абуова белгісіз себептерге байланысты аталған топқа бұрынғы өлеңдерін айтуға тыйым салған, – деп хабарлайды Baistars.

00000

“Меломен” тобының бұрынғы продюсері Жанна Абуова топқа бірге жұмыс істеген кезде шығарылған әндерін айтуға тыйым салды. Топ директоры Қайрат Әшімханұлы Жанна Абуованың не себепті олай дегенінен бейхабар екендігін жеткізді. “Себебін білмейміз. Жанна Абуовамен бірге жұмыс істеген уақытта топтың 40 шақты әндері жазылған. Бірақ жігіттердің Жанна ханымға рахметтен басқа айтары жоқ. Ал бұл жөнінде көпшілік хабардар болғанын қаламадық”, – дейді Қайрат Әшімханұлы.

Продюсердің бұл әрекетін түсінбеген жігіттер де халықтың өздерінің хит әндерін орындап беруін сұрайтынын айтады.

Дәл қазір аталған топтың продюсері – композитор, көптеген хит әндердің авторы  Бауыржан Есебаев. Осыған дейін “Меломен” тобы Жанна Абуованың жетекшілігінде жұмыс істеген. Топ продюсерлік орталықтан кеткен соң, жігіттер біраз уақыт шығармашылықтарымен өздері айналысты. Бауыржан Есебаев Қайрат Нұртас, Досымжан Таңатаров, Айгүл Иманбаева, Мақпал Диханбаева, Ернар Айдар сынды қазақ эстрадасындағы өнерпаздардың үлкен сахнаға шығуына музыкалық продюсер ретінде зор ықпал еткен.

Естеріңізге сала кетсек, “Меломен” тобының солисі Жігер Ауыпбаевтың “72 сағатта үйлену” фильміне түскені туралы хабарлағанбыз.

Талқылау