Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Меломен” vs продюсері: Алуа Қонарова кімге жақтасты?

“Мен әрдайым тек шындықты айтамын” дейтін продюсер Алуа Қонарова әріптесі әрі құрбысы продюсер Жанна Абуованың сөзін сөйледі.

10375758_1141048609240327_1891099053_n

Фото: lady.mail.ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Продюсер Алуа Қонарова көпшілік істің  бүге-шүгесін білмейтінін айтып, құрбысына жақтасты. Әртүрлі пікір жазып балағаттаған қолданушылар шамына тисе керек.

“Жанна – талантты жігіттерден құралған “Меломен” тобының алғашқы продюсері. Мен бұл топтың тарихын ел аузынан емес, продюсердің өзінен естігенмін. Продюсер артистер өз сөздерінде тұрмай, белгілі уақыт аралығына жоспарланған келісім-шартты бұзған кезде, көп нәрсеге құқылы. Өлеңдер продюсерге тиесілі болғандықтан, оның жаңа жобасы “Меломен” тобының репертуарындағы бірнеше әнді қайталап айтуға толық құқылы. Бірақ мұның барлығы “Меломен” тобының ары қарай өрлеуіне ешқандай да кедергі келтірмейді! Мұны түсіну де, қабылдай білу де керек. Артистер келеді, кетеді. Жұлдыздарды жаққан продюсерлер ғана қалады”, – деп Алуа Қонарова әркімді өз сөзіне жауап бере білуге шақырды.

25

Мұнымен қатар, балағаттап түрлі пікір жазған қолданушыларға істің анық-қанығына жетпей жатып сын айтпауға кеңес беріп, барлық еңбектің екі жаққа бірдей тиесілі екенін айтып өтті.

“Бірігіп атқарылған жұмыста артистің еңбегі ғана болмайды, бұл жерде екі жақтың маңдай тері бар. Продюсер өз тарапынан ақша, өлең, кеңес, пиар, бағыт-бағдар ұсынады. Жан-тәнімен беріліп концерт пен гастрөлдік сапарларды ұйымдастырады. Ал артист өзіне жүктелген міндетті шығармашылық қабілетінің арқасында орындап шығады!” – деп соңғы кезде продюсер еңбегінің дұрыс бағаланбай жүргенін тілге тиек етті.

Естеріңізге сала кетсек, Жанна Абуованың “Меломен” тобы өлеңдерін жаңа жобасына табыстағаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Талқылау