Мектептерде жаңа жылдық ертеңгіліктер болмайды – Білім және ғылым министрлігі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептерде жаңа жылдық ертеңгілік өткізу мәселесіне қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Ертеңгілік және өзге де жаппай ісшараларға келетін болсақ, мектептерде мұндай жиындар өткізілмейді. Бас санитар дәрігердің шешімі бар, біз бұл шешімге бағынамыз. Сондықтан мектептерде ертеңгіліктер мен өзге де шаралар ұйымдастырылмайды", - деді Асхат Аймағамбетов.
"Сынып ішінде мерекелік отырыс жасау шешімін мектеп әкімшілігі қабылдайды", - деп қосты министр.
Журналистер Асхат Аймағамбетовке омикрон штамының таралуына байланысты оқушыларды қашықтықтан оқуға жіберу мүмкіндігі жайлы сауал қойған.
"Қазір бұл туралы айту ерте. Ведомствоаралық комиссия шешімі аясында жұмыс істейміз. Әзірге қорытынды жасау үшін деректер аз", - деп жауап берді ол.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ