Мектептерде оқу жылы не себепті ұзартылмайды – Оқу-ағарту министрі түсіндірді

Фото: Pixabay.com
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев биыл мектептерде оқу жылын ұзарту мәселесі қаралмайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
12 тамызда үкіметте өткен брифингте журналистер оқу жылын 1 маусымға дейін ұзарту қарастырылған ба деп сұрады.
"Мәселе ашық, өйткені бірінші кезекте барлық білім беру ұйымын, инфрақұрылымды сәйкестендіру керек. Тағы мыңнан астам мектеп күрделі жөндеуді қажет етеді, сондықтан барлық мектепті талапқа сай етіп, заманауи кабинеттермен жабдықтау керек. Бүкіл білім беру ұйымы 100% дайын болғанда, ең болмағанда, инфрақұрылым жағынан дайын болса, біз әрқашан әртүрлі инновацияларға орала аламыз. Сондықтан білім беру ұйымының инфрақұрылымын дамыту мәселелері жабылмайынша, біз бұл мәселеге қайта оралмайтын шығармыз", – деді Ғани Бейсембаев.
Министр бұл мәселеге биыл оралмайтынын айтты.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген