Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дженнифер Лопестің концертіне жалған билет сатқан күдікті ұсталды

алаяқ

Фото: almaty_police_department

Алматылық алаяқ Дженнифер Лопестің концертіне өтірік билет сатқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Алматыда америкалық әншінің арқасында пайда тапқысы келген күдікті ұсталды. Ол Дженнифер Лопестің концертіне жалған билеттер берді.


"Жеңге болып тұр": Қазақстандық ер адам Дженнифер Лопеске қамзол кигізді

Дженнифер Лопес қазақстандық қыздардың биін желіде бөлісті (видео)


"Билет агенті" интернет платформада хабарландыру жариялап, екі жалған билетті сатқан. Алайда алданып қалғандар концертке кіре алмады.

Алаяқтық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Еске салсақ, Дженнифер Лопестің концертіне билет алған қазақстандықтар алаяқтардың құрбаны болғаны айтылды.

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 12 Тамыз, 2025 16:33
Талқылау