Балаларға қатысты кез келген жазатайым жағдай үшін де мұғалімді жазалау орынсыз деп санаймын – Президент
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Педагог мәртебесі туралы” заңға ұстаз құқығын қорғау жөнінде өзгерістер енгізуді ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Президент мұғалімнің құқығын қорғау мәселесі әрдайым басты назарда болу тиіс екенін атап өтті. Сондай-ақ ол мұғалімдердің өз міндетінен тыс жұмыстардан босатылғанын айтты.
“Кейде жергілікті билік өкілдері заң талаптарын өрескел бұзып жатады. Прокуратура органдары мұндай заң бұзушылықтарға тосқауыл қоюы керек. Сондай-ақ балаларға қатысты кез келген жазатайым жағдай үшін де мұғалімді жазалау орынсыз деп санаймын. Мектептен тыс жерде, ата-аналардың жауапсыздығынан оқыс оқиға болса, оған ұстаз жауапты емес. Алматы облысында түлектер арасында болған қайғылы жағдай үшін директор мен мұғалімдер жауапқа тартылып, жұмыстан шығарылды. Министрлік олардың мүддесін қорғап қалды. Дұрыс. Біз мұндай келеңсіздікке жол бермеуіміз керек. “Педагог мәртебесі туралы" заңға ұстаз құқығын қорғау жөнінде өзгерістер енгізу қажет деп санаймын”, – деді Тоқаев.
Министрлік мұғалімдерді каникулда рейдке шақырған мектеп директорлары жауапқа тартылатынын айтты
Президент мемлекеттің міндеті – мұғалімнің қоғамдағы беделін және мәртебесін мейлінше арттыру екенін атап өтті.
Бұған дейін Қазақстанда мұғалімдер мен әлеуметтік қызметкерлерге шабуыл жасағандарға да жауапкершілік күшейтілетіні туралы жазған едік.

"Пәтер алуға ақша жинап жүрген, бірақ үлгермеді": Үстіне ағаш құлап мерт болған әйел жайлы әріптестері естеліктерін бөлісті
