200 мың теңгеден аса айыппұл төледі: Мектеп директоры оқушыны ұрып жіберген
Батыс Қазақстан облысындағы аудандардың бірінде мектеп директорына оқушыны ұрғаны үшін үкім шығарылды. Кезекші мұғалім оқушының тәртібіне шағымданып, директордың бөлмесіне алып барған. Ал директор оқушыны бірнеше рет ұрып жіберген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты А. есімді мектеп басшысын қылмыстық кодекстің 140-бабының екінші бөлігі бойынша кінәлі деп тапты (кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау, кәмелетке толмағандармен қатыгездікпен байланысты), деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
"Оқиға үзіліс кезінде директордың қабылдау бөлмесінде орын алды. М. есімді 11-сынып оқушысын директор бөлмесіне кезекші мұғалім алып келіп, оның нашар тәртібі туралы баяндаған. Кезекші мұғалімнің көзінше мектеп директоры А. кәмелетке толмаған баланың беті мен денесіне бірнеше рет соққы беріп, денсаулығына жеңіл зиян келтірді", - делінген хабарламада.
Сот кінәліні алғаш рет қылмыстық теріс қылық жасағанын ескеріп, оған 80 АЕК немесе 222 240 теңге (550 долларға жуық) айыппұлға үкім шығарды.
Осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында сот Батыс Қазақстан облысының білім беру басқармасы бастығының атына білім беру мекемелерінде оқушылар үшін қауіпсіз кеңістік құру, Облыстың білім беру жүйесі қызметкерлері арасында "білім туралы" заң талаптарын сақтау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін жеке қаулы шығарды.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
