"Меккеге жолдама бергенше, үй бер": Белгілі блогер кәсіпкер Тұрсен Алагөзовті көпке үлгі етті
Фото: https://www.instagram.com/moldir_anarbaeva/
Танымал блогер Мөлдір Анарбаева қызметкерлеріне 100 пәтер табыстаған Тұрсен Алагөзовті мақтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Блогер байлығын бөлісе алатын байлардың көбейгенін тіледі.
"Тұрсен Алагөзовтың бір-ақ күнде 100 пәтерді бұрқ еткізгені нағыз жаңалық болды. Жігітке тән қасиет, жасай берсін, Жұмағұл! Дақпыртып, елдің бәрін жинап алып, "Ойбай мен пәтер беремін" демей-ақ, жайлап барып, шақырып алып, "мәңдер" деп бере салды. Міне нағыз жігіт! Құдай-ау, жүз бірдей адамның жыртығы жамалды ғой?! Бөлісе алатын байлар көбейсін!”, – деді блогер.
-
"Мақтау қағазын аламыз деп ойлады": Тұрсен Алагөзов қызметкерлеріне 100 пәтердің кілтін сыйлады
-
"Ажырасқан құрбыларыммен араластырмады": Тұрсен Алагөзовтің бұрынғы әйелі еш жерде айтпаған құпиясын бөлісті
Одан кейін қажылыққа жолдама беріп, кейін алдап кететін кәсіпкерлерді де сынады.
“Меккеге жолдама беріп жатады ғой, алдайды-сулайды, артынан жылатады. Соны он орап алады ғой. Сол жаққа барып келгенде не табасың? Үй-күйі жоқ қаншама адам бар. Нағыз сауаптың қайда екенін мына кісі біледі. Адамның ең кереметі ұлтына, тіліне, дініне қарап бөлмей, адам ретінде қарап, құрмет көрсетуі — адамның ең кереметі. Ол қараған жоқ, еден жуа ма, неше жылдан бері жүргізуші ме? Оның ұлты орыс па, қазақ па? Діні қандай? Тілі қандай? Ол тек жақсылық жасады, жарайсың!", – деді блогер.

"300 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін барады”: Қазақстандықтар өлімнен кәсіп істеп отырғандардың әрекетіне наразы
