Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мекенжайы жалған болып шықты": Жұлдыз Әбдікәрімова жиһаз жасаушыларға алданып қалды

ӘбдікәрімоваФото: https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова тағы да алданып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі су жаңа пәтердің жөндеу жұмыстарымен жүр.

"Осыған дейін (2 жыл бұрын) жарнамасы жар салып тұрған компанияға сеніп, жиһазға тапсырыс бердім. Келісім шартқа отырып 70 пайыз төлем жасадым. Уәде еткен уақытта тапсырысымды әкелмегені былай тұрсын, маған мүлде жауап бермей, аяғында мені блокқа тығып, қашып кетті. Келісімшартта көрсетілген мекенжай жалған болып шықты. Бұдан да сабақ алдым! Қазір тек көзімді жеткізіп барып тапсырыс беремін деп шештім", – деп жазды актриса.



Сондай-ақ кино жұлдызы соңғы кезде жүйкесінің сыр беріп жүргенін жасырмады. 

"Не қылса, демалыста жүргендерді уақытша бұғаттай саламын-ау деймін. Әбден жүйкеге тиіп бітті", – деп ашуланды өнер иесі.

Гүлдана Нұрлыханова
Сәрсенбі, 02 Шілде, 2025 08:25
Талқылау