Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Медициналық емес, құрылысшыларға арналған костюмдер": Денсаулық сақтау министрлігі істі тексеріп жатыр

Денсаулық сақтау министрлігі Алматыдағы даулы медициналық костюмдерге қатысты істі тексеріп жатыр. Бұл туралы ведомство басшысы Ерлан Қиясов мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Еске салайық, Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті қоймасында 90 млн теңгеге сатып алынған жеке қорғаныс құралдары дау тудырды. Қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин киімнің талаптарға сай келмейтінін мәлімдеді

Қоймада медициналық емес, құрылысшыларға арналған жеке қорғаныс киімдері сақталған. Олар шаң мен бояудан қорғайды, алайда су өткізеді, сондықтан эпидемиологтардың қолдануына жарамсыз.

"Мен мұндай киімдермен эпидемиологтарымды ауру ошағына жібере алмаймын", - деді Бекшин.



Іске сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет те араласты.

"Бұл оқиғаға қатысты жеке тексеру жүргіземіз. Ал жалпы жеке қорғаныс заттары төңірегіндегі жағдайға қатысты айтар болсам, біздің бастамамызбен аталған материалдар сот сатысына берілгенін білесіздер. Бұған қоса, Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан Сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің аумақтық басқармасына тиісті хат жөнелтілді. Қазіргі уақытта бұл мәселеге қатысты қабылданған сот шешімі өкінішке орай департамент пайдасына берілмеді. Бүгінде аталған шешімге дауласу жұмысы жүргізіліп жатыр. Соттың соңғы шешімі қабылданғанан кейін сол шешімге байланысты тиісті іс-шаралар қабылданатын болады", - деді Ерлан Қиясов.

Гүлдана Қазтай
Бейсенбі, 22 Сәуір, 2021 08:03
Талқылау