Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның бас санитар дәрігері Nur Otan-ның төсбелгісін тақпағаны үшін сөгіс естіді

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер – Денсаулық сақтау вице-министрі Ерлан Қиясовқа Nur Otan партиясының төсбелгісін тақпағаны үшін сөгіс жарияланды. Бұл туралы Nur Otan партиялық бақылау комитетінің төрағасы Артур Платонов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Платоновтың сөзінше, Nur Otan-ның мүшелері партияның рәміздерін пайдалануға, соның ішінде төсбелгілерін тағуға міндетті.

Ерлан Қиясовтан басқа Алматы әкімінің орынбасары Мақсат Кикимов, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Бақыт Жаханов, Шығыс қазақстан облысы әкімінің орынбасары Шәкәрім Бұқтұғұтов, Жезқазған әкімі Қайрат Әбсаттаров жазаланды.

Комитет төрағасының айтуынша, сайлаушылар Nur Otan төсбелгісі жоқ шенеуніктерге жиі шағымданады.

"Кейбір мырзалар партия қойған міндеттерге сәйкес келмейтіндіктен азаматтардың алдында өз жұмысынан ұялатын сияқты. Сондықтан төсбелгі тағуға ұяла ма? Немесе костюмін бүлдіргісі келмей ме?", – деді Артур Платонов.

Талқылау